Консервіленген тамақты тұтынғанды абай болыңыз. Өйткені ботулизм ауруының өршитін кезеңі басталды. Дәрігерлер осылай деп ескерту жасап отыр.
Биыл қауіпті дертке байланысты 4 жағдай тіркеліп, тағамнан уланған 16 адамға шұғыл көмек көрсетілген. Олар біраз күн ауруханада жатып, ем алуға мәжбүр болды.
Уланғандардың басым бөлігі үйде дайындалған консерві өнімдерді асқа тұтынған. Сондықтан дәрігерлер тамақты тұтынар алдында міндетті түрде сақ болуды ескертеді.