Оңтүстікте консервіленген тағамнан уланған екі азамат қаза тапты

646

Консервіленген тамақты тұтынғанды абай болыңыз. Өйткені ботулизм ауруының өршитін кезеңі басталды. Биылдың өзінде ботулизм ауруынан екі адам қаза тауып, отыз науқас зардап шеккен. Олар біраз күн ауруханада жатып, ем алуға мәжбүр болды. Уланғандардың басым бөлігі үйде дайындалған консерві өнімдерді асқа тұтынған. Сондықтан дәрігерлер тамақты тұтынар алдында міндетті түрде сақ болуды ескертеді.

Меруерт Серікбаева, ОҚО ҚДД бөлім басшысы: «Жабылған банкілерді жаңа жылда аша бастаймыз. Конвервіленген тағамды тұтынарда абай болған жөн. Өйткені қазір ботулизм ауруының өршитін кезеңі. Биыл ботулизм бойынша 20 жағдай кездесіп, 30 адам зардап шекті.»

Дәрігерлер бұл аурудың адам өміріне қауіптілігін ескертеді. Тіпті ботулизмнен аман қалған күннің өзінде уланған науқас мүгедек болып қалуы мүмкін.