«Елбасы және Оңтүстік» фото көрмесі ашылды

489
Елбасы және Оңтүстік фото-көрмесі

Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы және Оңтүстік» атты фото көрмесі ашылды.

Елбасы және Оңтүстік фото-көрмесі

Көрмеде мемлекет басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына келген жұмыс сапары және өңірдегі әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралаған сәттері бейнеленген.

Елбасы және Оңтүстік фото-көрмесі

Суреттерді жергілікті фотографтар түсірген. Көрмеге қойылған суреттерде Президенттің кәсіпорын ұжымымен, жастармен және қарапайым еңбек адамдарымен кездескен сәтіндегі көңіл-күйі бейнеленген.

Елбасы және Оңтүстік фото-көрмесі

Фото көрменнің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты. Көрмеге келген қонақтарды тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаған Қ.Нұртай Елбасының тәуелсіздік тұғырын тұрақты етуге және еліміздің әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтеруге қосқан сүбелі үлесі мен еңбегін ерекше атап өтті.

Елбасы және Оңтүстік фото-көрмесі

Көрме 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі