Қазақстанда теңдесі жоқ кәсіпорындар анықталды. Болгарияда өтетін үш күндік семинарға Оңтүстіктің де кәсіпкерлері қатысады.  Өзара сынға түскен өндіріс орындарының көшбасшысы белгілі болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7apy3MXoLRE[/youtube]

Азаматтардың қауіпсіздігі сараланған байқауда «Шымкент цемент» АҚ бағы жанды. Басшылардың айтуынша, ұжымнан үйренетін жайт көп. Өндіріс орнында бір жыл бойына жазатайым жағдай тіркелмепті.

Габриель Морэн, «Шымкентцемент» АҚ бас директоры: » Біз бүгін оқыс оқиғасыз 1 жыл күнін атап өтудеміз. Қатаң қадағалау мен еңбек қауіпсіздігін сақтау осындай мерекеге ұласты. Биыл зауыттың жұмысына 1400 азамат тартылды. Мұны сағатқа шақсақ – 3 млн. Осы уақыт аралығында 600 тексеру болды. Ешқандай кедергі кездеспей, қауіпсіздік қатаң қадағаланды».

 

Еңбек қауіпсіздігін сақтап, өзгелерден оза шапқан «Шымкентцемент» АҚ-на қарап, өзгелер үлгі алса болады дейді мамандар. Оңтүстікте қауіпсіздік үшін қаржысын аямайтын бірден-бір зауыттың бұл үрдісін еңбек инспекторлары жоғары бағалайды.

Бастар Ескараев: «Бұл кәсіпорында бірде-бір оқыс оқиға тіркелмеген. Егер статистикаға сүйенетін болсақ, Оңтүстікте тоғыз айда 78 оқиға тіркелген. Ал «Шымкентцемент» – бұл қара тізімге ілінбеген жалғыз өндіріс орны. Жоспарлары да тың, бір жылдың ішінде 1 млн. АҚШ долларына еңбек қауіпсіздігін қадағалап, техникалық қауіпсіздікті сақтау үшін жаңа инвест жоба жүзеге асқан».

Бұл байқауға қатысуға қаланың көптеген кәсіпорындары қарсылық танытқан. Ал бағын сынағандарға арнайы комиссия баға берген. Оның құрамына өңірдің еңбек инспекторлары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері және журналисттер қатысқан. Нәтижесінде «Италцементи групп» компаниясы бас жүлдені жеңіп алып, Болгарияда өтетін халықаралық семинарға қатысатын болды. Мұндай мүмкіндік «Досхан ЛТД» және «ПетроҚазахстан» компанияларына да бұйырды.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау байқауының эстафетасын «ПетроҚазақстан» зауыты қабылдап алды. Енді мұнай өңдеу зауытының мамандары өзгелермен тәжірибесін бөлісіп, еңбек қауіпсіздігін сақтауға шақырады.