Түркістан: Өндірісте жүріп 13 адам ажал құшқан

144

Өңірде өндірісте жүріп жазатайым жағдайға кез болғандар өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Осылай деген жауаптылар бүгін кездесу өткізді.

Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, көші қон комитетінің төрағасы, облыс әкімінің орынбасары мен аймақтың басқарма басшылары қатысты.

Айта кетейік, 9 ай ішінде Түркістан облысында өндіріске байланысты 46 жазатайым жағдай тіркелген. Онда 67 адам жарақат алып, 13-і ажал құшқан.

Өндірістегі қайғылы жағдайдың артуын жауаптылар жұмыс берушілердің салғырттығы мен жұмысшылардың сауатсыздығынан көреді.

Еске сала кетейік, 2019 жылы елімізде жазатайым жағдайды азайту үшін жол картасы құрылған еді. Енді жауаптылар 2023 жылға дейін жалғасатын жобаны қайта жандандыруды көздеп отыр.

  Назерке Үкібасова