Жазира Жаппарқұл әлем чемпионатында күміс жүлде ұтып алды

1017

Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Жазира Жаппарқұл жүлдегер атанды. 69 келіге дейінгі ауыр атлетші қыздар арасынан Жазирадан тек қытайлық Сян Яньмей ғана оза алды.

Жазира Жаппарқұл

Сян Яньмей алтынға қол жеткізсе, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ІІ курс студенті Жазира Жаппарқұл күміс медальды қанжығасына байлады. Ал қоланы ресейлік Анастасия Романова алды.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Майя Манеза 10-орынды қанағат тұтты.

Қорытынды нәтиже. Әйелдер. 69 келі.

1. Сян Яньмэй (Қытай) — 263 (120 + 143)
2. Жазира Жаппарқұл (Қазақстан) — 256 (116 + 140)
3. Анастасия Романова (Ресей) — 253 (116 + 137)
10. Майя Манеза (Қазақстан) — 235 (100 + 135)