Жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол жоқ

309
Карьер

Жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол жоқ. Тосқауыл қоюды мақсатта еткен қала әкімдігінің мамандары кезекті рет рейд ұйымдастырды.

КарьерБұл жолы мамандар қала сыртындағы Бозарық елдімекенінің маңындағы карьерлерді нысанға алған. Айта өтейік, жыл басынан бері заңсыз тас тасымалдаған 13 техника айып тұрағына жеткізілген.

Ал бұл жолғы шара барысында үш азаматтың заң бұзғаны анықталды. Әкімдік қызметкерлері алдағы аптада да тексеру шарасын жалғастырмақ. Осылайша жер қойнауын заңсыз пайдаланатындардың әрекетін әшкерелемек ниетте.

Нұрлан Жаңабай