Түркістанда кәсіпкер ауыл шаруашылығы техникасына субсидия ала алмаған

22
фото egemen.kz

 

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия беру үшін жазған арызы қаралмай жатқаны туралы өтінішпен жүгінген.
Кәсіпкер өз шағымында, техника сатып алу үшін басқарма сертификат талап етіп жатқанын, алайда нақты қандай сертификат ұсынуы қажет екенін ескертпестен, бас тартып жатқанын көрсеткен.

Шағым, «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде қаралып, енгізілген ұсынымдар шеңберінде өтінім қанағаттандырылды.

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің субсидиялау бойынша төлемдер алу туралы өтініші мақұлдану арқылы құқықтары қорғалды.