Әділет департаменті бос орындарға конкурс жариялады

Бос орындар конкурсы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті 20 бос жұмыс орнына конкурс жариялап отыр. Осыған орай комиссия мүшелері мемлекеттік лауазымға үміткерлермен әңгімелесу өткізді.

Конкурсқа арнайы тестілеуден өтіп, сертификатқа ие болған 18 маман қатысуда. Олардың жасы 21-34 аралығында. Қатысушылар мемлекеттік сатып алу, әділет басқармасы және одан өзге заңдарға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Айта өтейік, жарияланған 20 бос орынның 14-і – сот орындаушылары лауазымы. Мұны комиссия мүшелері Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес, жеке сот орындаушылардың институтын дамыту мақсатында деп түсіндіреді. Байқаудың қорытындысы 18 желтоқсанда белгілі болады.

Майра Дүйсенбекова, ОҚО әділет департаменті персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы: «Бүгін үміткерлермен сұхбаттасу кезінде кімнің конкурстан өткенін анықтап, шешім шығаратын боламыз. Қатысушылардың мемлекеттік тестілеудегі көрсеткіші мен бұған дейін атқарған жұмыс өтілі ескерілетін болады.»