Úı ANONS Пробациядағы азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды

Пробациядағы азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды

Шымкентте пробациялық бақылауда тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты, жазасын өтеп шыққан немесе пробация есебінде тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, тұрақты табыс табуына мүмкіндік жасау және қайта қылмыс жасау тәуекелін азайту. 

 

Жұмыссыздық — пробациялық бақылаудағы азаматтардың қайта құқық бұзушылыққа баруына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан жауапты мекемелер бұл санаттағы азаматтарды еңбек нарығына тартуға ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Бақытжан есімді азамат келген. Ол, танысына ауыр дене жарақатын алып, үш жылға шартты түрде сотты болған. Салдарынан, отбасын асырай алмай, жұмыссыздыққа тап болған. Екі бірдей жоғары білімі бар азамат, енді кафель шығаратын өндіріс орнына жұмысқа орналаспақ.

 

БАҚЫТЖАН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Көп жерлер қабылдамайды. Сотталған көреді да, қабылдамайды. Бұрын өзім энергетика саласында істедім. Әжептеуір лауазымда істегенмін. Қазір жұмыс ісздестіріп осы жерге келдім. Қазір кафель зауытқа жіберейін жеп жатыр. Айлығы 300 мың теңге дейді».

 

Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, өздерін қызықтырған бос орындар туралы ақпарат алды. Сонымен қатар мамандар еңбек заңнамасы, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіптік оқыту бағдарламалары жөнінде кеңес берді. Ал, жалпы мамандардың айтуынша, тұрақты жұмыспен қамту адамның қоғамға қайта бейімделуіне және қалыпты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылады дейді. Сонымен қатар, есепте тұрған азаматтардың мамандығы мен тәжірибесіне де көңіл бөлеміз деп отыр.

 

БЕКЗАТ ТОЛЫБАЕВ, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жалпы бізде жылдың соңына қарай, сотты болған азаматтарды, пробацияда тұрған азаматтардың мамандығына қарай, анализ жасаймыз. Соған қарай, яғни еңбек өтіліне, тәжірибесіне қарай квотаны бекітеміз. Сол кезеңде 90 пайызға жуығы, мамандығы жоқ, жұмысшы мамандықтар болған соң. Қазіргі таңда, коммуналдық мекемелерге, құрылыс мекемелеріне жолдануда».

 

 

Жыл басынан бері, пробация есебінде тұрған 37 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Сотты болып, бостандыққа шыққан 5  ер адам екі қолға бір күрек табуға мүмкіндік алды. Ал жалпы бүгінгі іс-шараға  15 ке жуық жұмыс беруші мекеме 1900- ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Нұргүл Жолымбетова