Көлік салығы жыл соңына дейін төленуі тиіс

352
Қымбат көлікке көлік салығын көп төлейсің

Көлік салығын төлемесеңіз, жалақыңызды да ала алмайсыз. 31 желтоқсанға дейін барлық көлік иелері тиісті төлемдерін өтеуі тиіс. Бүгінде облыста 490 мыңға жуық көлік тіркелген.

Қымбат көлікке көлік салығын көп төлейсің

Соның 10 мыңнан астамы кепілге алынған. Бүгінге дейін облыс бойынша 188 мыңға жуық көліктің тиісті салығы төленбепті. Өндірілмеген салық көлемі 1 800 000 теңгені құрап отыр.

Жыл басынан бері облыста 20 мыңнан астам көлік иесінің ісі сотта қаралған. Айыппұл көлемі 9 млн теңгеден асты. Оның ішінде 600-ге жуық көлік иесі бірнеше жылдар бойы салықтан жалтарып келген. Енді олар салықпен қоса айыппұлды да қоса төлеуге мәжбүр.

Салықтан жалтарған көлік иелерімен жұмыс жалғасуда. Салықшылар тиісті төлемді борышкерлердің жұмыс орны арқылы да өндіруге кірісті. Келесі жылдан бастап қарыздар көлік иелеріне көрілер шара да қатаңдай түспек. Жаңа заңнама бойынша бір жылдық салығынан құтылмаған мүлік иесі бірден айыппұлға тартылады.