Баспана кезегі

Шымкентте «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» арқылы берілетін пәтерлерге өтініштер қабылдау аяқталады. Соған қарамастан кезек күткендер қарасы әлі де азаяр емес. Сала мамандарының айтуына қарағанда, бұл бағдарлама бойынша берілетін пәтерлер саны 500-ге де жетпейді, ал баспанаға өтініш білдіргендер 2000-нан асып жығылады.

Баспана кезегіҚасиет Түленова екі жылдан бері «Жас отбасы» санаты бойынша пәтер кезегінде тұр. Екі балалы отбасы қазір пәтер жалдап тұрады. Ендігі үміті «ҚИК» арқылы берілетін пәтерде. Екі күн сабылған келіншек кезегім әлі келмеді дейді.

Бас-аяғы үш күннің ішінде «ҚИК» арқылы берілетін пәтерлерге кезекке тұрғандар саны 2 мыңнан асып жығылады. Құжаттар 24 желтоқсанның кешіне дейін қабылданды. Ал пәтерлер саны шектеулі.

Шарттар да қатаң. Ең бастысы — үміткерлер табысын растап, төлем қабылетін дәлелдеуі керек. Салаға жауаптылардың сөзіне сенсек, қолжетімді баспанаға өтініш білдіргендер екі топқа бөлінеді. Пәтерлер осы қос топқа теңдей бөлінеді.

Былтыр Шымкент қаласында осы бағытпен мыңнан астам өтініш қабылданып, олардың барлығы толықтай баспанамен қамтылған. Биыл үй алуға өтініш білдірушілердің қарасы көп болғанымен, пайдалануға берілетін пәтерлер саны екі есеге аз. Сондықтан банктің және бағдарламаның талаптарына сай келетіндер ғана баспанаға қол жеткізе алады.