инсулиндік помпа

Оңтүстікте қант диабетіне шалдыққан балалардың қатары біршама азайған. Бірақ әлі де болса науқас балғындардың саны жетерлік. Сондықтан аталған дертпен ауыратын 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік бюджет есебінен инсулиндік помпалар берілуде.

инсулиндік помпа

Қажетті құрылғыны алу үшін ата-аналар облыстық эндокринологиялық диспансерге баруы тиіс. Инсулиндік помпа – инновациялық ем-дом шаралары ішіндегі ең қолайлысы.

инсулиндік помпаҚазіргі уақытта Оңтүстікте 135 науқас бала аталмыш аппарат көмегіне жүгініп, ем алып жатыр. Ең бастысы – бұл құрылғы тегін беріледі.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазір қант диабетімен ауырған науқастардың құрамындағы гемоглабин көрсеткіші 1,1 пайызға төмендеген. Дер кезінде көрсетілетін медициналық көмектің нәтижесінде сырқат балалардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға болады дейді ақ халаттылар.

Лаура Мамырова