Түгел Бекіметов
Түгел Бекіметов (сол жақта)

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотта кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Жаңа орындарға судьяларды тағайындау туралы жарлыққа Қазақстан Президентінің өзі қол қойған.

Сайдбаттал Тоқбергенов
Сайдбаттал Тоқбергенов

Сонымен, Шымкенттегі Абай аудандық сотының төрағасы болып, Сайдбаттал Тоқбергенов тағайындалды. Төрағаны тағайындап, құттықтау үшін облыстық соттың төрағасы келді.

Ал осы Абай аудандық соттың бұрынғы бас судьясы Түгел Бекіметов облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

Түгел Бекіметов
Түгел Бекіметов (сол жақта)

Бүгінгі жиында жаңа лауазым иелерін құтықтаудан бөлек алдағы уақытта атқарылатын жұмыс бағыты талқыланды.