Қылмыскерді тауып, қомақты қаржыға кенел. Бір үйден үш адамды пышақтап кеткен қылмыскерге қатысты қандай да ақпарат берген адамға сыйақы беріледі. Бұл туралы ішкі істер органының қызметкерлері мәлімдеп отыр.
Естеріңізде болса, Самал шағынауданында 23 қазан күні бір отбасына шабуыл жасалған еді. Белгісіз біреу үйдің отағасының кеткенін пайдаланып, үш адамды пышақтаған болатын. Әлі күнге дейін ауыр қылмысқа қатысты күдікті анықталмай жатыр. Ол бейнабақылау камерасынаа түсіп қалғанымен, тұмшаланған жүзі белгісіз. Куәгерлердің пайымдауымен оның түр-әлпеті қағаз бетіне түсірілген.
Ернар Балабеков