Сайрамда ашуға булыққан пациент дәрігерді пышақтап тастады

965

Түркістан облысында пациент дәрігерге шабуылдаған. Оқиға Сайрам ауданы Ақсукент кентіндегі жеке клиникада болған.

Полиция хабардауынша, медицина мекемесінде пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетке кіру үшін кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген полиция мәліметінде.

Күдікті ретінде ауданның 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.