Гүлмира Дәуренова

Жаңа 2016 жылды қарсы алу мерекесі аясында көп балалы аналар ардақталып жатыр. Әл Фараби ауданы әкімдігінің мамандары көп балалы аналарға «Алтын» және «Күміс алқалары» мен тиісті кітапшаларын табыс етті. Гүл шоқтарын сыйлады. Құрметке бөленгендер арасында айтулы алқаны енді ғана еншілеп, «Батыр ана» қатарынан көрінгендер де бар.

Гүлмира Дәуренова
Гүлмира Дәуренова

Гүлмира Дәуренова, көп балалы ана: «Осылай бізді арнайы марапаттап жатқанына өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мұндай құрмет-сыйды күтпедім. Мен 7 баланың анасымын, мемлекет тарапынан ай сайын жәрдемақы аламын, оны перзенттерімнің қажеттілігіне жаратып жүрмін. Болашақта балаларымның мемлекетіміздің гүлденуіне үлес қосар азаматы етіп тәрбиелеймін.»

Салтанатты іс-шара аясында әкімдік өкілдері еліміздің демографиялық дамуына үлесін қосқан әйелдердің жетінші баласына төленетін жәрдемақының 2016 жылдың қаңтар айынан бастап артатынын жеткізді. Айта өтейік, бүгінде Әл Фараби ауданында 4156 көп балалы ана бар. Оның 428-і – алтын, 1155-сі күміс алқа тағынған.