Еңбекші ауданында “Алтын алқа” мен “Күміс алға” табысталды

140

Еңбекші ауданында 4 анаға «Алтын алқа» табыс етілді. Сонымен қатар 33 ақжаулықты «Күміс алқаға» ие болды.

Бұл шара ҚР Президентінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №64 Жарлығымен жүзеге асып жатыр. Ауданда жыл санап алтын және күміс алқа иегерінің қатары артып келеді. Соңғы көрсеткішке сүйенсек, аймақта бас аяғы 8 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның ішінде 590-ы «Алтын алқа» иегері болса, 1786 нәзік жанды «Күміс алқа» иесі.

Айта кетейік көп балалы аналар алқаға құжаттарын Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімі аппаратына тапсыра алады.