Түркістанда өз өзін өртеген 20 жасар жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігері хабарлады.
Денесінің 90 пайызын күйік шалған жас жігіт 7 желтоқсан түні ауруханаға жеткізілген болатын. Аудандық полицейлер алдын ала тексеру барысында қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын студенттің өзін өзі үйінде өртегенін анықтаған. Ата-анасы да, достары да оның мұндай қадамға не үшін барғанын түсінбеген күйі қалды.