Жас домбырашылар Елбасына флэшмоб сыйлады

566
Домбырашылар

Құрманғазының «Балбырауын» күйі еліміздің түкпір-түкпірінде бір мезетте ойналды. Бұл – Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының Елбасыға тартуы еді. Көптен бері шетел әуенін тыңдап жүрген көпшілік қауым күмбірлеген күйден алыс кете алмады.

Домбырашылар

Бұл домбырашылар флешмобы қаладағы сауда үйлерінің бірінде өтті. Тіпті сатушылардың өзі бір сәтке сауда нүктелерін жауып, күйшілердің өнерін тамашалады. Дарынды жастардың арасында республикалық күй байқауларының жеңімпаздары да бар.

Жалпы еліміз бойынша мұндай флешмоб өткізуге Назарбаев зияткерлік мектебінің 3000-нан астам оқушысы қатысты. Оқуда озат, ортада алғыр оқушылар осындай шара арқылы қала тұрғындарын қоғамдық белсенділікке шақырмақ.

Мейірбек Рахымов, қатысушы: «Негізгі мақсатымыз – біз сияқты өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыздың бірі – Қазақтың домбырасын дәріптеу. Керемет әсерге ие болдым. Өйткені, осыншама мол домбырашылар жиналып, ата-бабамыздың күйлерінің орындауы мен үшін үлкен әсер қалдырды.»