Қаратау ауданы әкімінің есебі

395
Қаратау ауданының әкімі

Қаратау ауданының әкімі халықпен екінші рет кездесіп, есеп берді. Ауданының аумағы 32 мың гектардан астам, 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алыбында 213 мың халық қоныстанған. Аудан жаңа құрылғандықтан тағайындалған әкім аппараты әр шағынауданның әлеуметтік картасын жасап, халыққа қажетін түгендеген. Кездесу барысында осы әлеуметтік карта таныстырылып, коммуналдық мәселелердің шешілу жолдары айтылды.

Қаратау ауданының әкіміӘкімнің бұл жолғы есебіне Ақжайық, Қайнарбұлақ, Достық, Тұран елдімекендерінің тұрғындары қатысты. Бұл шағынаудандар жаңадан құрылғандықтан, инженерлік инфрақұрылым мәселесі шешімін таппаған.

Әкіммен арнайы кездесіп, көкейдегі ойларын ортаға салғандардың бірі — Тұран шағынауданының тұрғындары. Үйлері болашақты бұзылады дегенді естіген жұрт жол мен жарыққа жарымай отырғандарын айтады.

Шымкент қаласының бас жобасына сай Тұран шағынауданында шаһардың әлеуметтік экономикасына маңызы бар нысандар бой көтереді деген жоспар бар. Сондықтан аудан басшылығы көпшіліктің ұсынысын бірден шешіп беруге уәде етпеді.

Айта кету керек, әкімнің барлық кездесуінде жарық, ауызсу, жол және көгілдір отын мәселесі көптеп көтеріледі. Оның басты себебін сала мамандары қала аумағының кеңейіп, 4 ауданнан 40-тан астам елдімекеннің қосылуымен байланыстырады. Шымкентік шенеуніктер ауылды қалаға жақындастыру оңайға түспегенін жасырмайды. Мұны тұрғындар да жақсы түсінеді, сондықтан болар, келешекте қалалықтар секілді өмір сүретіндеріне сеніп, әкімнің есебіне қанағаттандырарлықтай деп бағасын берді.

Нұрлан Жаңабай