Шымкентте қаруласын соққыға жыққан сарбаз жазаға кесілді. Ол ұлттық гвардияның 5547 әскери бөлімінде жауынгерілк борышын атқарып жүрген, деп мәлімдеді Шымкент гарнизонының әскери сотының баспасөз қызметі.
Сот барысында 2015 жылдың 14 қазаны күні бір жылдық борышын өтеп жүрген сарбаздың өз қаруласын ұрып-соғып, жеңіл дене жарақатын салғаны анықталды. Сол үшін сот айыпталушыға 25 АЕК, яғни, 49550 теңге айыппұл төлеу жазасын кесті.