Қазақстанда алғашқы әдеп уәкілі Оңтүстікте тағайындалды

297
Облыс әкімдігі

Облыс әкімінің төрағалығымен мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлескен «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы жиында әкімдіктің әдеп жөніндегі уәкілі болып облыс әкімінің аппараты басшысының орынбасары Әсет Байсынов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс әкімдігі

— Елбасы «100 нақты қадам ұлт жоспарында» бес институттық реформаның ең біріншісі кәсіби мемлекеттік аппарат құру екенін атап өткен болатын, — деді облыс әкімі. — Біздің облыста мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын және меритократия принциптерінің сақталуын қамтамасыз етудің алғашқы қадамдары жасалып, республика бойынша бірінші болып атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясын құрдық. Сонымен қатар, әкімдік аппаратында лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарауды бір жүйеге келтіру үшін бірыңғай тәртіптік комиссия жұмысын бастады. Жаңадан жұмыс істеп жатқан Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі де саланың ілгерілеуіне сеп болуда.

Айта кету керек, әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан бойынша алғаш рет Оңтүстікте тағайындалып отыр. Енді әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қадағалап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзуының алдын алу мен айналысатын болады. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратында 103 мемлекеттік қызметші жұмыс істесе, облыс бойынша 8 217 мемлекеттік қызметші бар. Соның ішінде – 59 ер, 44 әйел, басшы лауазымында – 11, мемлекеттік қызметші лауазымында 10 жас азамат бар.