Республикалық байқауда шымкенттік мемлекеттік қызметші үздік деп танылды

156

Шымкентте мемлекеттік қызметтің үздіктері марапатталды. Олардың бірі арнайы конкурсқа қатысып еңбегі еленсе, екеуі карантинде қызмет еткені үшін үздік атанған.

Ел бойынша оза шыққандарға қаланың мемлекеттік қызмет істері департамент басшысы медаль табыстады. Еске салайық, 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметкерлер күні деп белгіленген. Президент жарлығымен бекітілген күн 2013 жылдан бері аталып өтіледі.

Димаш Дәуренбековтің мемлекеттік қызметте жүргеніне 15 жыл. Еңбек жолын құқық қорғау саласынан бастаған азамат, бүгінде Абай ауданы әкімдігінің аппарат басшысы. Сөзінше мұндағы қызметтің қызығы мен қиындығы мол. Күніне сан түрлі адам базынасын айтып келеді. Солардың бірі тіпті сәбиін асырай алмаймын деп әкімдікке тастап кеткен.

23 маусымды осыдан 7 жыл бұрын елбасы мемлекеттік қызметкерлер күні деп бекіткен еді. Содан бері жыл сайын атап өтілетін бұл күні мамандарға марапат жауады. Дәстүрлі қағида карантин режимінде де ұмыт қалмады. Бұл жылы Шымкенттегі мемлекеттік мамандардың үшеуіне төсбелгі табысталды.

Ақжібек Қапалбаева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент бас маманы: «Мемлекеттік қызмет атқару оңай емес. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметті әрдайым адал атқаратыныма сенімдімін. Еңбегімнің еленгеніне ризамын».

Маманның екеуі төсбелгіні карантин режиміндегі қызметі үшін, тағы бірі конкурстағы жеңісі үшін алған. Олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы және жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы.

Үшінші мегаполисте 2067 азамат мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Олардың 90 пайызы орта жастағы мамандар. 29 жасқа толмағандарының саны 471-ді құрайды. Ал, басшылық лауазымдағылардың саны бұдан 100-ге артық. Осылай деген қаланың мемлекеттік істер департамент басшысы олардың арасында нәзік жандылардың көбейіп келе жатқанын айтады.

Назерке Үкібасова

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі