Оңтүстік Қазақстан облысында дауыс беру құқығына ие болған азаматтар санының артуына байланысты қосымша 46 сайлау учаскесі ашылды. Алдағы саяси науқанда өңірде жалпы 1074 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Облыс бойынша 1 млн 317 мың 225 адам дауыс береді деп күтілуде.
Былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш 100 мың адамға артқан. Бұл жолғы сайлау Наурыз мерекесі қарсаңында өтетін болғандықтан, қыдырып не өзге жақта іс-сапармен жүретін азаматтардың да дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған.
Тиісінше сақтық шаралары да күшейтіледі. Өңірде арнайы құзырлы органдар штабы құрылуы мүмкін. Саяси науқанда облыс аумағында 9000-нан астам комиссия мүшесі жұмыс істейді. Қазір толық тізім жасалып, олар қызу дайындық жұмыстарына кіріскен.