Облыстық ассамблея жанынан журналистер клубы құрылады

214
Ассамблея

Облыстық ассамблея жанынан журналистер клубы құрылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының кезекті жиыны өтті. Оған өңірдегі 20 этно-мәдени бірлестіктің төрағалары, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.

АссамблеяЖиында облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Кирюхин, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Бациев 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады.

Сонымен қатар биыл этно-мәдени бірлестіктер тарапынан өтетін барлық іс-шаралар тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылатыны айтылса, бейбіт өмір мен тұрақтылықты, тыныштық пен татулықты ту еткен елімізде бүгінде түрлі ұлт пен ұлыстың салт-дәстүрін дәріптеуге қолдау жасалып отырғаны да тағы еске алынды.

Басқосуда сөз алған облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары-ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов өңірде ҚХА жанынан ұлтаралық қатынастар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты түрде жұмыс жасайтын журналистер клубының құрылатынын мәлімдеді.

Бұл клуб ел арасындағы толеранттылықты жетілдіру арқылы этносаралық татулық пен дінаралық алауыздықтың болмауына атсалысып, оны БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялауда журналистика әдебін сақтай отырып жұмыс істейтін болады. 12 адамнан құрылатын клуб төрағасы ұйымның алғашқы отырысында тағайындалмақ.