«Ордабасы» Түркияға аттанды (фото)

364

Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы Түркияға аттанды. Футболшылар сонда биылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті.

"Ордабасы" футбол клубы

Бас бапкер Бахтияр Байсейітовтің қол астында 27 футболшы бар. Команда шетелде 5 жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері — Бахтияр Байсейітов

Алғашқы сынақ кездесу 14 қаңтар өтеді. Жалпы, шымкенттік команда Түркияда 29 қаңтарға дейін болады. Осы уақыт аралығында команда сапына шетелдік футболшылар қосылып, бірқатар спортшылармен келісім-шарт жасалады.

Фото: Ихсан Қадыров