Шымкенттің құтқарушыларына енді квадрокоптер көмектеседі. Шағын ұшатын құрал тікұшаққа ұқсайды. Осы құралмен құтқарушылар адамдарды құтқару кезінде адам аяғы баруы қиын жерлерді жоғарыдан көре алады.
Бұған қоса квадрокоптерді түрлі төтенше жағдайлар мен өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдету мақсатында да қолдануға болады.
Павел Вишенин, ОҚО ТЖД апатты-құтқару жасағының ресми өкілі: «Әуеден бақылау кезінде қауіпті аймақтарды дер кезінде суретке түсіріп, жердегі құтқарушыларға жібере аламыз. Көздеген нысандардың қай жерде тұрғанын оператор көріп отырады.»
Квадрокоптер — құтқарушыларға биыл жеткізілген көмектің алғашқысы. 2015 жылы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлеріне су соратын мотопомпа, ауа жинап-демалатын 5 АВМ-12 құралын, құрғақ және сулы 15 гидрокостюм, арқаға жамылатын 25 сулық, 15 құтқару желеті мен 15 арнайы жарық беру құралын сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.