Стас Покатилов “Ордабасыға” ауысады

260

Футболдан Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Стас Покатилов «Ақтөбе» клубымен қош айтысып, Шымкенттің «Ордабасы» командасының сапын толықтырды. Бұл туралы «Караван» басылымы жазды.

Фото: //aktobetimes.kz

«Ордабасы» құрамында Стас Покатилов ұлттық құраманың тағы бір мүшесі, қақпашы Андрей Сидельниковты алмастырады. Андрей өз кезегінде Алматының «Қайратымен» келісім-шарт жасасуы мүмкін.

Бір айта кетерлігі, немістің transfermarkt.de спорттық порталы Стасты ақтөбелік клубтың ең қымбат ойыншысы деп санап, трансферлік бағасы 1 миллион евроға тең деп жазады.