ХҚКО жанынан шетел инвесторлары мен кәсіпкерлерге арналған сектор ашылды

174
Халыққа қызмет көрсету орталығы

Ресейден келген кәсіпкер Раиса Владимировна енді Шымкентте де өз ісін дөңгелетуге мақсат тұтып отыр. Ол жылыжай шаруашылығын қолға алмақ. Алдымен қажетті құжаттарын құнттау үшін халыққа қызмет көрсету орталығы жанынан ашылған шетел инвесторлары мен кәсіпкерлерге арналған сектордың қызметіне жүгініп отыр.

Халыққа қызмет көрсету орталығыБүгінде Қазақстан бойынша инвесторлар үшін 19 сектор жұмыс істейді. Онда 300-ге жуық қызмет түрі тегін көрсетіледі. Мұнда олардың тиісті ақпараттармен жіті танысуына мүмкіндік бар.

Кәсіпкерлік пакеттегі барлық құжаттарды мамандар ешқандай кедергісіз құзырлы мекемелерден онлайн ала алады.

Инвесторларға қызмет көрсететін сектордың қабылдауына egov.kz сайты арқылы жазылуға болады. 8 7172 754540 телефоны арқылы да хабарласауға мүмкіндік бар.