Көлікті мамандандырылған ХҚО- ларда сақтандыруға болады

79

Қазақстандықтар көліктерін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сақтандыра алады.

Маусым айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көлік иелерін сақтандыру қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Көлікті қайта тіркеуді ресімдей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың немесе «делдалдардан» сақтандыру полисін ресімдеудің қажеті жоқ.

Егер пилоттық жоба сәтті іске асырылатын болса, еліміздің басқа мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сақтандыру қызметі енгізіледі. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 300-ден астам азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты жасалды.

Шынар Оразова