Астана қаласынан пәтер ұтып алуға болады. Енді мұндай мүкіндікке Хоум Кредит банкінің барлық клиенттері қол жеткізе алады. Ол үшін тек «Бақыт» депозитін ашса жеткілікті. Сыйға берілген алғашқы баспананың иесі де анықталды.
Банк басшылығы бас жүлдеге пәтер тігілген ұтыс ойынын нағыз мерекеге айналдырды. Сыйлықтарды үлестіру рәсімін еліміздің үш қаласының, атап айтқанда, Шымкент, Көкшетау, Алматы қалаларындағы «Бақыт» депозитінің салымшылары бақылап отырды.
Шара қортындысында 100 жеңімпаз және Астана қаласынан пәтер ұтып алған бақытты клиенттің есімі анықталды. Жеңімпаздар салтанатты жағдайда марапатталып, түрлі жүлделер мен кәдесыйларға ие болды.
Ал бұл шараға қатыса алмаған жеңімпаздарға банк қызметкерлері арнайы телефон соғып, құттықтауларын жаудырды. Қаржылай сыйлық алған үш шымкенттік клиеттің бірі — Ардак Байтілеуов.
Ардақ Байтілеуов: «Мен салымшының ақшасын сақтап қана қоймай, бағалы сыйлық ұтуға жағдай жасаған банкке ризамын. Ал ең бастысы, бүгінгі ұтысыма қарамастан бас жүлде ұтысына да қатыса аламын. Пәтер ұтып аламын деген үмітім бар. Бәріне де соны тілеймін.»
«Бақыт» депозитінің артықшылығы сол, салымның сомасы көп болған сайын, жеңіске деген мүмкіндік те молая түседі. Әрбір мың теңге ұтыс ойынына қатыстырылады. Соңғы жарты жылда банк клиенттері қаржылай сыйақыға қол жеткізді. Кейбір жолы болған клиенттер бірнеше рет жүлдегер атанды.
Сонымен, бас жүлдеге тігілген пәтер Жезқазғандық тұтынушыға бұйырды. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, бұл ұтыс ойыны әр тоқсан сайын ұйымдастырылып отырады, ал ай сайын қаржылық сыйлықтар ойнатылады.
Мақпал Рысбаева
* жарнама