Кеденшілер ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі

341
Есірткі, Қызметтік ит

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі. Қылмыстық әрекет «Жібек жолы» кеден бекетінде әшкереленді.

Есірткі

Есірткіні экономикалық тергеу қызметінің мамандары мемлекеттік кірістер департаментінің «Жібек жолы» кеден бекетінде 31 жастағы Қазақстан азаматын тексеру кезінде тапқан. Күдіктіден өсімдік тектес зат салынған 12 сіріңке қорабы табылды.

Есірткі, Қызметтік ит

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, табылған заттың жалпы салмағы 60 гр марихуана екені анықталып отыр.

Арада бір сағат өткен осы кеден бекетінде есірткі затына қатысты тағы бір факті анықталды. 42 жастағы Өзбекстан азаматын тексеру кезінде оның аяқ киімінің ішінен өзгеше иісті өсімдік заттары бар 2 полиэтилен қалта табылды. Сараптама табылған зат жалпы салмағы 9,8 гр марихуана екенін анықтап берген.

Айта кету керек, жедел іздестіру іс-шараларының екеуінде де «Руна» және «Цезарь» лақап атты қызметтік иттер қолданылды.

Осы фактілер бойынша қылмысты кодекстінің 286-бабымен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер Шымкент қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалған.