Экономикалық тергеу қызметінің мамандары биыл 27 қылмыстың бетін ашты

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін құрықтады. Күдіктілер мемлекет қазынасына түсетін қаржыны түрлі жолдармен жымқырып отырған. Қылмыстық топ мүшелері мемлекетке 100 000 000 миллион теңге көлемінде шығын келтіріп отыр.

Жалпы экономикалық тергеу қызметінің жұмысы салықтық, кедендік және басқа да экономикалық құқық бұзуышылықтарды анықтау және ашу. Оның ішінде жол салуға және басқа да әлеуметтік обьектілерге бөлінетін мемлекет қаржысын жымқырудың алдын алу болып табылады.

Жыл басынан бері экономикалық тергеу қызметінің мамандары 27 қылмыстың бетін ашқан. Ұсталған қылмыстық топ мүшелерімен жалпы мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен миллиард теңгені құрайды.