Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея жанынан құрылған журналистер мен блогерлер клубы өзінің алғашқы отырысын өткізді. Басқосу «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңадан ашылған «Журналистер мен блогерлер клубы» орталығында ұйымдастырылды.
Жиын барысында клубтың төрағалығына республиалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Бақтияр Тайжан ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.
Айта кету керек, ассамблея жанындағы журналистер мен блогерлер клубын құру бастамасы 2016 жылдың басында қолға алынды. Қаңтар айында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының кезекті жиыны өтіп, оған өңірдегі 20 этно-мәдени бірлестіктің төрағалары, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуда сөз алған облыс әкімдігі аппараты басшысының орынбасары-ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов өңірде ассамблея жанынан ұлтаралық қатынастар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты түрде жұмыс жасайтын журналистер клубының құрылатынын мәлімдеген.
Бұл клуб ел арасындағы толеранттылықты жетілдіру арқылы этносаралық татулық пен дінаралық алауыздықтың болмауына атсалысып, оны БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялауда журналистика әдебін сақтай отырып жұмыс істейтін болады десті ассамблея мүшелері.
Енді, міне, таяуда клуб төрағасы тағайындалып, 12 адамнан тұратын мүшелері анықталды.
- Бақтияр Тайжан — «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі.
- Айдар Құлжанов — облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің редакторы.
- Әбдімәлік Сарманов — облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің стилист-редакторы.
- Алиса Масалаева — облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, «Шаңырақ» қосымшасының редакторы.
- Мұхтар Атабек — облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының теле-радио хабарлар дайындау бөлімінің шеф-редакторы.
- Зәуре Оралбаева — «Отырар-TV» телеарнасының бас редакторы.
- Үсен Асқаров — республикалық «Рейтинг» газетінің тілшісі.
- Жұлдыз Өтегенова — Арыс қаласының «Арыс толқындары» телеарнасының редакторы.
- Асхат Шотаев — блогер.
- Әсел Ережепова — блогер.
- Балнұр Үпібек — блогер.
- Айгүл Әмзеева — ішкі саясат басқармасының ақпаратты саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы.
- Лейла Төребекова — «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшысы.