Оңтүстікте медиация кабинеті ашылды

250
Хасан Бациев
Хасан Бациев

Оңтүстікте облыстық ассамблея хатшылығының қолдауымен медиация кабинеті ашылды. Кабинет облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде жұмысын бастап отыр. Медиатор – «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Хасан Бациев.

Хасан Бациев
Хасан Бациев

Медиация кабинетіне интернет жүйесіне қосылған арнайы сенім телефоны орнатылған. Жұмыс жоспары бекітіліп, мемлекеттік органдар мен аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер, жастар қанаты, журналист-блогерлермен бірлесе жұмыс жасау жоспарлануда.

Сонымен қатар «Медиация» оқу-әдістемелік құралын басып шығарылмақ, деп жазады облыс әкімдігінің сайты.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, №7 «А» үйде орналасқан «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимараты, медиация кабинеті. Сенім телефоны – 8 (7252) 392-330.