Шымкентте табылған өлі шарананың денесіне қатысты қылмысты іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шұғыл іздестіру барысында тергеушілер бұл оқиғаның 17 ақпан күні Шымкеттегі Нұрсәт шағынауданында болғанын анықтады. Қаладағы мекемелердің бірінің жұмысшылары кәріз жүйесінің құбырын тазалау барысында өлі шақалақты тауып алған. Содан кейін каналдардың бірінің жанына көміпті.
Қажетті шараларды жүргізген полицейлер адам ұрығын сот-медициналық сараптамаға жіберді. Қазіргі таңда қылмысты кодекстің 119-бабына сәйкес (қауіпті жағдайда қалдыру» қылмысты іс қозғалды. Тергеу-тексеру ісі жалғасуда.