Шымкентте апатты үй күрделі жөнделді. Салынғанына 60 жыл таяған Төле би көшесіндегі №15 үйге сейсмо-нығайту жұмыстары жүргізілді.
Үйдің іргетасы, қабырғасы нығайтылып, есік-терезесі жаңартылды. Жылу жүйесі ретке келтіріліп, жарықтандыру жүйесі ауыстырылды. Күрделі жөндеуден өткен үйге қазір тұрғындардың 80 пайызы көшіп келді. Мердігерлер күрделі жөндеуге үш жыл кепілдік беріп отыр.