Шымкенттің қылмыс «картасы» жасалды

419
Қылмыс "картасы"

Шымкенттегі теміржол вокзалының маңы шаһардағы ең криминалды аумақ болып саналады. Мұнда 382 қылмыс тіркеліпті. Оның басым бөлігін тонау, жалға берілетін пәтерлерде орын алған оқыс оқиғалар құрап отыр.

Бұл туралы коммуникациялар орталығының облыстық филиалында өткен брифингте құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының өкілдері мәлімдеді. Ведомство қызметкерлері криминогендік геоақпарат картасын жасапты.

Қылмыс «картасы»

Осы арқылы кез келген азамат ғаламтор арқылы шаһар аумақтарындағы қылмыстылық деңгейін көре алады. Қанық қызыл түске боялған аумақтар оқыс оқиғалар ең көп тіркелетін жер болып есептеледі екен. Геоақпарат жүйесінде «Қылмыстық құқық бұзушылық», «Жол-көлік оқиғасы», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылық картасы» бөлімдері арқылы керегіңізді біліп алуға болады. Бұл ақпарат service.pravstat.kz электронды порталында көрсетілген.