2016 жылы 21 наурызы күні БҰҰ-ның Женева бөлімшесінде адам құқықтарын қорғау бойынша кезекті 31-сессия өтті. Онда Вена декларациясы негізінде наркотрафикпен күрес бойынша қол жеткізген нәтижелер талқыланды. Сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссардың қатысуымен әрекеттегі бағдарламалар жайлы сөз болды.
Аталмыш кеңесте отандасымыз Данияр Тоқбаев қоршаған орта және ресурстарды қорғау жөнінде үкіметтік емес дүниежүзілік кеңес ұйымы атынан Қазақстан жайлы дайындаған баяндамасын оқыды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кету керек, Данияр Тоқбаев бүгінгі таңда Женева бизнес мектебінде ғылым докторы дәрежесі бойынша ізденуші. 2015 жылдың қараша айында «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті болып тағайындалан. Қазіргі таңда БҰҰ ЭКОСОС аккредитациясына ие түрлі халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тығыз іскерлік байланыста жұмыс істеуде.
«ҚазАльянс» және халықаралық ҒӨБ (НПО) арасындағы іскерлік қарым-қатынас шеңберінде адам құқықтарын қорғау бойынша екіжақты кооперация құруға қол жетті. Адам құқықтары қорғалмаған елде технология немесе қаржы салудан кез келген инвестор бас тартады. Сондықтан БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес секілді алаңда Қазақстан жайлы баяндама жасау «ҚазАльянс» үшін маңызды сынақ болғаны анық. Халықаралық мінберден бой көрсетудің нәтижесі еліміз үшін инвестиция тартуға тікелей септігін тигізгері белгілі.