БҰҰ Ауғанстан халқын қолдау мақсатында сенім қорын құрды

59

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстан жұртын қыстан алып шығу үшін арнайы сенім қорын құрды. Мақсаты – қарапайым тұрғындарға ақшалай жәрдем беру.

Бұл жүйе «халық экономикасына» көмек деп аталады. Мұны Женевадағы ұйымның Даму бағдарламасының өкілі Ачим Штайнер мәлімдеді.

Алдағы 12 айда 667 миллион доллар жинау көзделген. Донорлық қаражат алдымен қоғамның әлжуаз топтарына, қарттарға, мүгедектерге жәрдемдесуге жұмсалады.

Сонымен қатар, қордың бір бөлігін ауыз су мен қуаңшылық проблемаларын шешумен айналысатын мемлекеттік қызметкерлерге және шағын бизнесті қолдауға бағыттау жоспарланып отыр.

Шынар Оразова