Оңтүстікте мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы А.С. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі жетекшісінің орынбасары өзінің қызмет бабын жеке басының мүддесі үшін асыра пайдаланаған деп хабарлайды ОҚО сотының баспасөз қызметі.
Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық сотының үкімімен айыпталушы А. кінәсі дәлелденіп, 1 189 200 теңге көлемінде айыппұл төлеуге кесілді. Бұған қоса мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды» делінген хабарламада. Қазіргі таңда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.