Оңтүстікте мәдениет үйлерінің фестивалі өтіп жатыр

395

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол». Өңірімізде осындай тақырыптағы өнер фестивалі жалғасып жатыр. Ел тәуелсіздінің 25 жылдығы құрметіне қолға алынған кезекті кешті шымқаланың өнерпаздары, оның ішінде Сайрам тұрғыналабының таланттары ұсынды.

Сайрамның тұрғындары сахна төрінде тосылған жоқ, халқымыздың қазынасы, төл өнері — түре айтыстың бүгінгі бейнесін ұсынды.

Айтыс

Гүлден Еркебайдың жасы 15-те. Жасынан қолына домбырасын алып, ауылдың алты ауызынан бастап халық шығармаларына дейін жаттаған. №32 мектептің оқушысы қазір қоғамдағы жәй-күйді жыр жоладарына арқау етіп жүр.

Гүлден Еркебай
Гүлден Еркебай

Гүлден Еркебай, жас ақын: «Сахнада үлкен қобалжуды сезіндім, мен алғашында жазба ақындар қатарында едім, кейіннен айтысқа шыға бастадым. Сондықтан болса керек, толқыдым. Бірақ ,көрермендер қол соғып, қошемет көрсетіп отырды. Сол маған демеу болды. Ой-жырымды ойдағыдай орындап шықтым. Әсіресе, ел тәуелсіздігі, қазақтың батырлары мен кешегі желтоқсаншылардың ерлігін елеп-ескеріп өлеңмен жеткіздік».

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» өнер сайысы апта бұрын қолға алынған. Фестиваль ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналып отыр. Мәдени шара шарты бойынша өңіріміздегі әр-аудан қаланың мәдениет үйлерінің ұжымы мекемеде атқарылған шаруалар мен еңбегін өнерлері арқылы паш етеді. Бұған қоса ауыл жастарын, жас таланттарды таныстыруы қажет.

Раушан Айғазиева, Шымкерт қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі: «Ауыл жастарының сахнаға шығуын, олардың өнерлерін ұсынуын қадағалап жатырмыз. Сондай-ақ, мәдениет үйлері өнердің ешбір жанрын қалыс қалдырмай, барлығын сахнаға шығаруға міндетті. Оның ішінде сахналық көрініс-қойылым, көркемсөз оқулары, ән, жыр, терме, айтыс және қолөнер де бар».

12935213_816621738443802_1955255658_n

Фестиваль аясында халық өнері кеңінен насихатталды. Көмейден жыр төгіліп, ән шарықтады. Сайрамдық қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы көрмесін де көпшілік назарына ұсынуды ұмытқан жоқ.

Бүгінде Шымкент қаласына қарасты 10 мәдениет үйі мен клубтар қызмет етеді. Ал «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты облыстық өнер фестивалі сәуір айында қортындыланып, жеңімпаздар марапатталатын болады.