Ынтымақ ауылындағы мәдениет ошағы қашан қайта салынады?

14

Түлкібас ауданындағы Ынтымақ ауылында қирандыға айналған мәдениет үйінің жыры әлі де бітпей келеді. Тұрғындар осыдан 4 жыл бұрын жаңа нысан тұрғызылады деп қуанғанмен жоспар орындалмаған.

Тіпті сол кезде ғимараттың жобалық сметалық құжатын дайындауға қаражат та бөлінген. Алайда уақыттың өтіп кетуіне байланысты ол жарамсыз күйде қалыпты Ал енді мамандар мәселені тағы көтеріп отыр. Бірақ ол үшін облыстық әкімдіктің келісімін күтіп отырмыз дейді аудан әкімі.

«Биыл 1 клубқа қаражат бөлінген. Ол ауыл Келтемашатта орналасқан. Қазір шеткі ауылдағы клубтың орнына Ынтымаққа салайық деп ұсыныс беріп жатырмыз. Себебі Ынтымақта халық тығыз орналасқан. Бұл ұсынысым қолдау табады деп ойлаймын. Сол кезде ғимаратты сүріп тастап, жаңа нысан салып береміз», – дейді Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов.