Облыс әкімі Айша Абдуллинаны қабылдады

221
Айша Абдуллина

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Айша Абдуллинаны қабылдады. Кездесуде облыс әкімі өнер майталманын 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесімен және 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, мәдениет саласында атқарылған жұмыстар жайы мен театр саңлағының мерейтойлық шығармашылық кешін ұйымдастыру туралы әңгімеледі.

Айша Абдуллина

Өз кезегінде Айша Абдуллақызы соңғы жылдарда облыста түрлі мәдени нысандарының көптеп бой көтергенін, өнер саласына жылдан-жылға жіті көңіл бөлініп келе жатқанына ризашылығын білдірді. Айта кетейік, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының сахнасына 64 жыл ғұмырын арнап, 200-ден аса кейіпкерді сомдаған өнер иесі биыл 100 жасқа толып отыр.

Осылайша 2016 жылдың 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесі қарсаңында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Айша Абдуллинаның мерейтойлық шығармашылық кеші республикалық деңгейде аталып өтілмек.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі