Шымкентте кезекті мектеп директорлары ашық конкурспен тағайындалды

250
мектеп директорлары ашық конкурспен тағайындалды

мектеп директорлары ашық конкурспен тағайындалдыШымкентте мектеп директорларын тағайындау бойынша кезекті ашық конкурс өтті. Арнайы комиссиялық топқа қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі жетекшілік жасады.

Бұл жолы қаладағы №33 және 36 мектептердің басшылығына үміткерлер сараланды. Лауазымды қызмет үшін әр орынға 4 адам құжат тапсырған. Әңгімелесу кезінде кандидаттар комиссия мүшелерінің түрлі сауалдарына жауап берді.

Болашақ басшының білімі мен біліктілігі ғана емес, сауаттылығы да сынға түсті. Конкурс қорытындысы бойынша екі мектептің де басшылығына осыған дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген үміткерлер тағайындалды.