Шымкентте заңсыз құрылыстар бұзылды

318

Шымкенттегі Арғынбеков көшесінің бойындағы тағы бір заңсыз құрылыс бұзылды. Қала әкімдігі шаһардағы 9 көшенің бойында зерттеу жүргізіп, 300-ге жуық негізсіз салынған нысандарды анықтаған.

Мамандар бұған дейін түсіндіру жұмыстарын атқарып, соның нәтижесінде 80-ге жуық құрылысты қожайындары өз еркімен бұзған. Ал бұл жолы аталған нысанды сот заңсыз деп тауып, оны сүруге шешім шығарыпты. Ғимарат иелері қарсылық танытпай, бұзуға келісім берді. Қала әкімдігі техника мен жұмыс күшін жұмылдырды.

Бұдан бөлек, Байтұрсынов көшесін де шолып шыққан жергілікті билік өкілдері үш қабатты нысанның жаяу жүргіншілер жолын жауып тастағанына ескерту жасады. Мұнда құрылыс ережелері де сақталмапты. Қоршалмаған аумақта шетелдік мигранттар қызу тірлік жүргізіп жатыр екен. Енді бұл нысанның құжаттарының заңдылығын қала басшылығы тексеретін болады.