Шымкенттегі фосфоршылар және металлургтер сарайы мемлекетке қайтарылады

482
Ғабидулла Әбдірахымов
Шымкент қаласының әкімі - Ғабидулла Әбдірахымов

Шымкентегі фосфоршылар және металлургшілер сарайы мен стадионы жекенің меншігінен мемлекетке қайтарылатын болады. Шаһар басшылығы осы тұрғыда нысан иелерімен келіссөз жүргізіп жатыр және оң шешімін табатынына сенімді. Бұдан бөлек, қаламыздың бет пердесі саналатын теміржол вокзалының маңайы да көріктендіріледі.

Ғабидулла Әбдірахымов
Шымкент қаласының әкімі – Ғабидулла Әбдірахымов

Бұл жайында қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Облыс әкімі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде қала әкімі Қазақстан Президентінің «100 нақты қадам» ұлт жоспарының және қаланың даму концепциясының жүзеге асырылуы жөнінде де баяндама жасап, өткен жылы қалада іске асырылған мемлекеттік бағдарламалардың негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

Ғабидулла Әбдірахымов

Атап айтсақ, 2015 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 289 млрд теңгені құрап, 3,7 пайызға өссе, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 9 пайызға, инвестициялар көлемі 2 пайызға артты. Осыған орай мемлекет басшысы және облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатына Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы дайындалды.

Ғабидулла Әбдірахымов

Қазіргі таңда өзект тақырып ретінде қала аумағына қосылған елдімекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы 8 елдімекенге ауыз су, 5 елдімекенге кәріз, 5 елдімекенге электр, 2 елдімекенге газ желілеті тартылады.

Нәтижесінде ауыз сумен қамту 85 пайыздан – 88 пайызға, кәріз жүйесі – 41-ден 47 пайызға көтерілсе, электрмен қамту көреткіші 86-дан – 88 пайызға, отындық газ тарту пайызы 67-дан 69 пайызға ұлғаяды. Бұған қоса шаһарда жарықтандыру, абаттандыру, транспорт саласы бойынша да жүйелі жоспарлар жасалынуда.

Мысалы, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 1 260 пәтерлі 19 үй пайдалануға беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, қала мектептерінде оқушылар үшін электронды бақылау жүйесі орнатылуда. Биыл өнеркәсіп саласында 29 жобаны іске асырып, үш мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Одан бөлек инвесторларды ынталандыру мақсатында Тассай және Жұлдыз елдімекендерінен 2 индустриялды аймақ құрылмақ.

Елдегі үшінші ірі қалаға айналу үшін қаламыздағы ең тартымды салаларға инвестициялар тарту басты назарда. Бұл бағытта отандық және шетел инвесторларын тарту үшін кемінде жылына 20 жобаны іске асыру көзделуде. Биыл «Shymkent PLAZA» сауда кешенінің ашылып, қалада ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық орталығының құрылысы басталады дейді қала әкімі.

Шымкентте тамақ өнеркәсібін ұйымдастыруға қала аумағынан арнайы 136 гектар жер телімін беру жоспарланды. Одан бөлек жалпы 1100 га жерге көкөніс және бақша, жылыжай, өсіру секциясы ұйымдастырылады. Бұл жерлерге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі.