Жол апатынан көлік аударылып кетті

263
Жол апатынан көлік аударылып кетті

Шымкентте әдеттегіден өзгеше жол апаты болды. Соғысқан көліктердің бірі аударылып кеткен. Бұл жол-көлік оқиғасы түнгі сағат оннан асқанда Байтұрсынов көшесінің бойында тіркелді.

Мұнда Митцубиси және Фольксваген Венто көліктері соғысып қалды. Соның салдарынан Фольксваген көлігі жолдың шетіндегі арыққа құлап, аударылып кеткен.

Жол апатынан көлік аударылып кетті

Куәлердің айтуынша, Венто көлігі Байтұрсынов көшесінің бойымен, Желтоқсан көшесі жақтан Ғани Іляев көшесіне қарай бет алған. Сол кезде сол жақтағы баспахана жақтан Митцубиси көлігі шыққан. Оның рөлінде әйел кісі болған деген мәлімет бар.

Жол апатынан көлік аударылып кетті

Митцубиси шыққан күйі Фольксвагеннің жанынан соғады. Соның кесірінен неміс көлігі жолдың жанындағы арыққа түсіп, аударылып кеткен. Рөлде отырған жігіт жарақат алып, оны жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті. Ал қасында отырған адам жеңіл жарақат алған.

Жол апаты болған жерге жергілікті полиция қызметінің инспекторлары келді. Қазір қай жүргізушінің нақты кінәлі екені анықталу үстінде.