Шымкентте тігілген аяқ киімге сұраныс көп

805

Шымкентте аяқ киім шығаратын шағын цехтың тауарына сұраныс артты. Төрт ай бұрын ашылған шағын цехтағы тауарларға сұраныс артып келеді. Аз ғана уақыт ішінде кәсіпорын ерлергеарналған аяқ киімдер тігіп, оны облыс нарығына шығара алды.

vlcsnap-2016-04-20-10h19m51s246

Жазғы суйретпе, спорттық аяқ киім, туфли. Бұл тауарлардың барлығын Артық Мараимов өзі тігіп шығарады. Шебер бұл іспен бала кезінен айналысқан екен. 90-жылдары аяқ киім шығаратын шағын цех ашқан. Бірақ, қаржылық дағдарысқа төтеп бере алмаған кәсіпорны көп ұзамай жабылып қалыпты.

Кәсібін қалайда жандандыруды мақсат тұтқан азамат дегеніне жетті. Бірқатар кедергілерді еңсеріп, қиындықты жеңуге туыстары да көмек берген. Қазір ол ашқан цехта 12 адам жұмыс істейді. Олар 35-тен 45-ші өлшемге дейін 12 түрлі аяқ киім шығарады. Тауар таза былғарыдан тігіледі.

Төрт ай ішінде шағын цехта шығарылатын бұл тауарды Оңтүстік халқы да танып үлгерді. Ай сайын 200-ге жуық тауар тігіледі. Ең бастысы, аяқ киімдердің бағасы қолжетімді. Алдағы айларда цех басшылығы шымкенттік аяқ киімдерді Қазақстанның басқа да өңірлеріне шығаруды жоспарлап отыр.